Ақтайлақ – Әнуарбек Дүйсенбиев

Бұл бетте «Ақтайлақ» атты Әнуарбек Дүйсенбиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 8590
Асау тайлақ, ақтайлақ,
Мініп келем қақпайлап.
Желеді ол тайраңдап,
Жұрт қарайды қайран қап.
Бала біткен шулайды,
Тайлақ үркіп, тулайды.
– Шөк дегенді ұқпайды,
Үй маңынан шықпайды.
Ақтайлақ-ау, ақтайлақ,
Бұл қылығың жақпайды-ақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері