Айтудан ашық арланам – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Айтудан ашық арланам» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 623
Айтудан ашық арланам,
Көзіме менің жас толды.
Жанымды мәңгі арбаған,
Маржан дегенім тас болды...
Көктемсіз, күңгірт, күз көңіл,
Армандап қайтем... алдаса.
Адамнан үміт үзгенмін,
Алладан ғана болмаса!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері