Түңіле берме (өлең) – Baurzhanka

Бұл бетте «Түңіле берме (өлең)» атты Baurzhanka жазған поэзия туралы өлең берілген.

Күлімдеп қара өмірге,
Қайғыны алма көңілге.
Шүкір ет тек тәңірге,
Жақсы көзбен қарап өмірге.

Түңіле берме түңілме,
Басыңды төмен түсірме.
Өзіңді нық ұстап,
Үміт жібін үзе көрме.

Тайсалма һәм қаймықпа,
Сабыр ет қамықпа.
Сеніміңді жоғалтпа,
Осыны еш ұмытпа.

Баса біл ашуыңды,
Жоғалтып алмай ақылыңды.
Алып жүр өз-өзіңді,
Бәлеге тікпей басыңды.


Пікірлер (1)

Ләйлә

Өте күшті керемет адамға жақсы әсер береді екен

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері