Ұстаз деген! – Ғалым Берік

Бұл бетте «Ұстаз деген!» атты Ғалым Берік жазған ұстаз туралы өлең берілген.

Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де қолын созғанын,
Ұстаз деген шын жүректен тілейді,
Шәкіртінің өзінен де озғанын.

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Келеді менің ұстазыма ұқсағым.
Ұстаз деген қарапайым қашанда,
Құрметтейміз өзіңізді ұстазым.

Тілейміз біз амандық пен бақытты,
Тілейміз біз қуаныш пен шаттықты.
Білім алған өзіңіздей ұстаздан,
Біздей шәкірт шынындада бақытты.

Біздер әлі өтелмеген парызбыз,
Сары дала сайрап жатқан сан ізбіз.
Білім беріп тәрбиелеген ұстаздар,
Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз.

Insta: galim_b


Пікірлер (2)

Асем

Маған қатты ұналы, қатты көмектесті

Сезім

Маған өлең қатты ұнады өте мағыналы өлен екен

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері