Өлең, жыр, ақындар

Білсең, маған жел емес, дауыл керек

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 639
Білсең, маған жел емес, дауыл керек,
Дауыл ұлын тербетер тауым бөлеп.
Бағынбастан өзінше өмір сүрер,
Қоныстанып тәнімнен жаным бөлек.
Кейде маған нар таудай тірек керек,
Тірегі жоқ гүлге жел жүр өкпелеп.
Арманының таба алмай алтын кілтін,
Қонады екен көңілден жүрек бөлек.
Дауыл сілкіп, ұйысқан кеудемде мұң,
Кеміп бара жатқандай әл-дәрменім.
Арман болып жүректе қалам десең,
Тәнімді емес, жанымды меңгер менің.
Күнім жерге тұрғандай шашпай жарық,
Сезім сенсіз гүлдерін ашпайды анық.
Сүйсем, кімді жүрексіз суып сәтте,
Кеудем менің кетеді тасқа айналып.
Жанартаудай сөнді іште арманым көп,
Арманыммен армансыз шарладым көк.
«Тағы сүй» деп жалынам, өзгені емес,
Өзімді-өзім өтірік алдағым кеп.
Маған кейде өрт-сезім жалын керек,
(Жалын болса, айтарсың «жалынба» деп)
Тас-тәнімді тастап, ақ айдынында
Аққу болып жүзіп жүр жаным бөлек...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уақыт деген қалып қалмай дүлділден

  • 0
  • 0

Уақыт деген қалып қалмай дүлділден,
Жүрегімнен жүрек соғып күн күлген.
Құлап қалсаң,
тоқтап тұра беретін,

Толық

Шопанға

  • 0
  • 0

Шаңырақтай көрінген мынау аспан,
Шертеді шопан жайлы мұра-дастан.
Тұлғаңнан көрем анық хас батырды,
Қабағынан мұз еріп, қырау басқан.

Толық

Жеңіс жайлы толғау

  • 0
  • 0

Соғыс жайлы жазар шын,
Соғысқа сол барғандар.
Атқан таңнан сөз алсын,
Оралмаған армандар.

Толық

Басқа да жазбалар