Қоңыраулы өзен, қоңыр кеш – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қоңыраулы өзен, қоңыр кеш» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3904
Қоңыраулы өзен,
қоңыр кеш
Көк шымылдық ашылған.
Мөлдір кеш, нәзік со бір кеш
Бардай-ақ сыры жасырған.
Шашағын жасыл тал жайып,
Құрақтар төмен иілген.
Нәзік жан дүние ғажайып
Атлас жібек киінген.
Өзіңе-өзің қалып таң,
Боласың сонда бір түрлі.
Құйылғандай ғайыптан,
Ғажайып үндер сиқырлы.
Көңілге бір күй қонғандай,
Шабыттан шақпақ от түсіп.
Кетсең де қазір болғандай
Жеп-жеңіл кеште көкке ұшып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері