Өтірікші – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Өтірікші» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1881
Маран деген баланың
көрсеңдер ғой бөскенін:
"Қақпаға доп саламын
өзімен-ақ өкшенің!
Менің көкем Дарқанбай,
нағыз батыр қырағы:
қолына түк балта алмай,
қасқырларды қырады!"
Мұның бәрі өтірік –
доп салмайды ол қақпаға.
Көкесі де көпіріп,
жүреді ылғи мақтана.
Ойнағанда әлі біз
күлкі етеміз Маранды.
Жек көреміз бәріміз
өтірікші адамды!
1974


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері