Мақтаншақ – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мақтаншақ» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1556
Тасаларға тығылып,
ойнайды ылғи Мұратхан.
Балаларға ұрынып,
бөпелерді жылатқан.
Аузы-басы қап-қара,
жуынбайды күнде де.
Сөз сөйлесе мақтана,
лепірген бірдеңе.
Киімдерін жинамай,
шашып-шашып тастайды.
Апасын да сыйламай,
жұмсағанда баспайды.
Қалай жейді шошымай
нанды кір-кір қолымен?!
Жүре берсе осылай,
ойнамаймыз онымен.
1976


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері