Қайтесің, бағың жанбаса – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қайтесің, бағың жанбаса» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қайтесің, бағың жанбаса,
Ойлаған бола бермес-ті.
Ойдың да көбі далбаса,
Ойлаймыз кейде өнбесті.
Кім жетті оңай мұратқа,
Кімнің жоқ сәтсіз күндері.
Талайлар тайып, құлап та,
Талайдың солған гүлдері.
Түңілу алдан тағы жат,
Тағдырдан күткін рақым.
Тас жарар талап қағып ап,
Бар шығар шыңың шығатын.
Сергі де серпіл қайғыдан,
Мұқала берме жасықтай,
Арманға құшақ жайдырған,
Көрмесін үміт қашықтай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері