Хайуанаттар көрмесі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Хайуанаттар көрмесі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1512
О, жасаған, жасаған!
Бәрі тордан босаған –
Аң дегенің босып жүр,
Бірін-бірі тосып жүр.
Қаршығалар ұшып жүр,
Торғайларға түсіп жүр.
Қасқыр қойды түріп жүр,
Шеттерінен қырып жүр.
Екі Теке қызысып,
Жатыр жеке сүзісіп.
Екі Өгіз бұрышта,
Мән бермей еш дыбысқа,
Жүрістерін бақылап,
Ойнап отыр шахмат.
Көзәйнекті бір Түйе,
Самай шашы үрпие,
Оқып отыр әлде не.
Түлкі болса сәндене,
Жанай оны өтіп жүр,
Кейде сүйкеп кетіп жүр.
Бір бұрышта Жираф жүр,
Басқалардан ширақ жүр:
Өз-өзінен жұлынып,
Жатыр қатты шынығып.
Аққу көлде сызылып,
Серігіне сүзіліп,
Емірене қарайды,
Қауырсынын тарайды.
Бір бұрышта асхана,
Асхана емес – масқара!
Төрт-бес Аю бірігіп,
Ішіп жатыр құнығып...
Жапалақтар жалпылдап,
Қарға ұшып жүр қарқылдап.
Сықылықтап Сауысқан,
Талдан-талға ауысқан.
Салпаң құлақ Есек те,
Жатып алып төсекте,
Гитара ойнап шатылған,
Барынша кеп бақырған.
Бір топ Маймыл жиналып,
Басты дейсің биге анық:
«Той үстінде тәтті күндер,
Тәтті күндер!
Жас жұбайлар, шат күліңдер,
Шат күліңдер!
Ән салайық, би билйік,
Би билейік!
Шарықтасын шаттық үндер,
Шаттық үндер!
Арақ!
Шарап!
Коньяк!»...
* * *
Айқай-шудан састым да,
Құлағымды бастым да,
Шығып кеттім көрмеден,
Қызық екен көрмеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хайуанаттар көрмесі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Хайуанаттар көрмесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хайуанаттар көрмесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хайуанаттар көрмесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері