Жазушылар одағына – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жазушылар одағына» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1506
Жазушылар одағын
Жанашыр деп ұқпаймын.
Өйткені, мен олардың
Ойларынан шықпаймын.
Төрағасын хан тұтып,
Басымды ию керек қой.
Өзімді осал жан тұтып,
Жөн секілді өбектеу.
Өйткені, олар бұйрықты,
Өйткені, олар өкімді.
Атақ пенен сыйлықты
Таратушы секілді.
Таратқанда, тектен-тек
Үлестіре салмайды:
Таразылап көптен-көп,
«Тәртібіңді» аңдайды.
Бірін әке-көке деп,
Құрақ ұшу керек қой.
Сонда сені жетелеп,
Жасап берер ерек той.
Талантың мен талғамың
Керек емес оларға.
Сыйлығына Алланың
Шек келтіру болар ма?
Айтар болсам даралап,
Бар өзімдік дарыным.
Халық оны бағалап,
Уақыт шешер анығын.
Сондықтан да, Одаққа
Тірлігімде өкпем жоқ.
Қоспаса да санаққа,
Мен жоғалып кеткем жоқ.
Өкіну жоқ үнімде,
Тағдырыма көнермін.
Күндердің бір күнінде
Қайта көктеп, өнермін.
Жазушылар одағы
Талант үшін тәнті емес.
Ол да бір күн солады,
Мызғымайтын мәңгі емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазушылар одағына өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жазушылар одағына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазушылар одағына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазушылар одағына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері