Тоқтар мен Сотқар

Бұл бетте «Тоқтар мен Сотқар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1370
Әубәкіров Тоқтарым –
Еш теңдесі жоқ дарын.
Тұңғыш болып қазақта
Салды ғарыш соқпағын.
Көзбен көріп алысты,
Кезіп қайтты ғарышты.
Қас батыр деп таныды ел
Тоқтар сынды арысты.
Жерден көкке атылды,
Мадақтайық батырды.
Танытты айдай әлемге
Қазақ деген халқымды.
Келді енді Сотқардың
«Ерлігіне» тоқталғым.
Қайталамақ болды ол
Батырлығын Тоқтардың.
Толтырып ап боқалды,
Сімірді-ай кеп «ақаңды».
Содан кейін терезе
Жақтауына тақалды.
Нағыз десант секілді
Белін буып, бекінді.
Жеті қабат үйінен
Төмен қарай секірді.
Өмір – демің тынғанша,
Көзді ашып-жұмғанша.
Сотқар жерге соғылып,
Болды сәтте күлпарша.
Ел уда-шу боп қалды,
Жедел жәрдем кеп қалды.
Зембіліне салды да,
Алып кетті Сотқарды.
Жаны иттен де сірі екен,
Өлместердің бірі екен.
Соғып жатты жүрегі,
Әлі де ол тірі екен.
Сынған жеті қабырға,
Қақ бөлінген бауыр да.
Шапшып жатыр қара қан,
Үзілген кей тамыр да.
Шайқатылған миы да,
Шайқатылған қиы да.
Аман қалу мұндайдан
Кірмейді еш миына.
Үйіруге иманды,
Жақындары жиналды.
Аман алып қалсақ деп,
Дәрігерлер қиналды.
Арпалысты, алысты,
Қолдары да қарысты.
Өткен кезде төрт тәулік,
Қорғап қалды намысты.
Сотқар қайта тірілді,
Таны нағыз «піріңді».
Кітабына «Гиннестің»
Сотқар солай ілінді.
* * *
Міндет емес асқанға,
Тас лақтыру аспанға.
Ер атануға болады
Қара жерде-ақ жас жанға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоқтар мен Сотқар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тоқтар мен Сотқар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоқтар мен Сотқар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тоқтар мен Сотқар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері