Маймыл мен көзілдірік – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Маймыл мен көзілдірік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1546
Қарт Маймылдың тартты көзі көмескі,
Ұқты жұрттан кеңесті.
Ол дегенің онша қауіп емес-ті:
Көзілдірік керегі,
Сатып алды, қымбат екен демеді.
Айналдырды көп тегі:
Бір сипалап, құйрығына қадады,
Бір иіскеп, бір жалады,
Көзілдірік, бірақ, әсер етпеді.
«Тфу! – деді – Ақымақ-ау өзі де,
Сенген жұрттың сөзіне:
Әйнек жайлы жалған айтқан қас қылып,
Бұдан титтей пайда жоқ».
Содан кейін көздеріне жас тұнып,
Көзәйнекті айда кеп,
Талқан етті тасқа ұрып.
* * *
Бұл секілді адамдар да болады:
Парқын білмей, кейбір затты бағалы,
Өз парқынша пайдасыз деп ойлайды;
Надан болса шамалы,
Көзін құртпай қоймайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маймыл мен көзілдірік өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Маймыл мен көзілдірік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маймыл мен көзілдірік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маймыл мен көзілдірік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері