Гүл сатушы мен жігіт – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Гүл сатушы мен жігіт» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1552
Қан базарда тұр жігіт
Аяқ-қолы балғадай.
Бір тынбайды бұл жігіт,
Алушысын талғамай:
– Кел, жігіттер, келіңдер,
Жүз теңгеден беріңдер.
Жақсы гүлден алыңдар,
Қыздарыңа барыңдар,
Сөйтіп, көңлін табыңдар...
Асығып та аптығып,
Жүз теңгесін лақтырып,
Алып жатыр жігіттер,
Кеуде толы үміттер...
Бір жігіт кеп сұрады:
– Ағасы,
Керек еді гүліңіздің лаласы.
Гүл сатушы деді сонда:
– Қапа болма,
Сенің қызың немене,
Роза тақса өле ме?
Бұл гүлдерді өз қолыммен еккенмін,
Терді аямай төккенмін.
Кезіп жүріп даланы,
Табатұғын лаланы,
Кезі емес қой көктемнің.
Жігіт кері бұрылып,
Жүріп кетті үндемей.
Сатушының бар ниетін ұғынып,
Розасын гүл демей.
* * *
Өспей ме екен гүл деген
Бақшада да, бауда да?
Несі артық түрмеден,
Розаны қамап бақса аулада?
Сондай солғын гүлменен
Махаббатты салғаны ма саудаға?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүл сатушы мен жігіт өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Гүл сатушы мен жігіт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүл сатушы мен жігіт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүл сатушы мен жігіт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері