Қайтып тынсын көңілім алаңдамай – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қайтып тынсын көңілім алаңдамай» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1113
(аударма)

Белла Ахмадуллинаға
Қайтып тынсын көңілім алаңдамай:
жан досым жүр бір келмей маған қарай.
Жат біреулер өмірі мені ұқпаған
опыр-топыр жүреді келіп маған.
Оған да жат бір жүрген кісілері.
Мұны өзі де жап-жақсы түсінеді.
түсініксіз бір өкпе екен бізде,
қайғырамыз сол үшін екеуміз де.
Қайтып тынсын көңілім алаңдамай:
сүйіктім жүр бір келмей маған қарай.
Мойнымды орап білегі
басқа әйел жүр, менен ол сый күтпеді,
сүйіктімнен ұрлады сүйтіп мені.
Айтыңдаршы, құдай-ау, қарлығашым
жат иыққа білегін салды ма шын?..
Мені ұрлатып алған соң ызаланып,
біреуді о да ұрлайды-ау бұза-жарып,
жан жүрегі жат жанды жақын қылып.
Көрсеткендей болады батыл қылық.
Өмірі солай өтеді, жорта кұшып,
Іштей бірақ өзімен арпалысып.
О, не деген көп еді көлгірсіген
таныстықтар, достықтар... Мен күрсінем...
Жын ұрғандай боп кетем осылардан,
содан қайғы жаныма қосып алғам.
О, кел біреу құртуға
жаны жаттың жақын боп күлетінін,
жақын жанның жат болып жүретінін.

ЕВГЕНИЙ ЕВТУШЕНКО


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайтып тынсын көңілім алаңдамай өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қайтып тынсын көңілім алаңдамай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайтып тынсын көңілім алаңдамай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайтып тынсын көңілім алаңдамай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері