Бұл бетте «Достық лебіз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған достық туралы өлең берілген.
«Қонақ келсе, аз отырып көп сынар»,
Дей көрмеңіз, қысылмаңыз достылар!
Сынай келген бейтанысың емеспіз,
Туысыңбыз, жүрегіміз досқұмар.
Сәбит аға аралаған көп елді,
Өзі бастап келді ортаңа өнерді.
Сусындатсын Қарақұмды өлең-жыр,
Қаналындай толқыны ұрған кемерді.
Сый қадірі өлшенбейді аспенен,
Біз риза, келді қабақ қаспенен.
Достық жырын шырқап шыңға көтеріп,
Туа берер жан азығы жақсы өлең.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі