Шат шаңырағым

Бұл бетте «Шат шаңырағым» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жып-жылы үй, жылы жүзді жұбайым да,
Ұл-қызым бәрі менің ыңғайымда.
Сыйлайды бірі әке, бірі ерім деп,
Құдайдан бұдан артық сұрайын ба?!
Тағамның маған сақтар дәмдісін де,
Бар заттың бір мен үшін әрлісі де.
Ел-жұртқа атың шыққан ақынсың деп,
Киімнің маған жабар сәндісін де.
Шаттансам бәрі бірге шаттанады,
Мақтансам бәрі бірге мақтанады.
Жасырын сырымыз жоқ, мұңымыз жоқ,
Бірігіп айырамыз ақ, қараны.
Жанымды шуақты ұям нұрға бөлеп,
Шығарды қырмызы гүл қырға демеп.
Күміс те, алтын да емес, жұбайыма
Мен жазған жақсы жырдан сырға керек.
Көңілдің күнде думан жасыл бағы,
Шаттығым шалқып жатыр басымдағы.
Бақытым – әр баламның иығыма,
Еркелеп кезек-кезек асылғаны.
Қызығым ұзағынан сүйіндірсін,
Мойынын аққу-арман иілдірсін.
Қайғысыз қара көже асым болып,
Достарды қуанышқа жиылдырсын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шат шаңырағым өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Шат шаңырағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шат шаңырағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шат шаңырағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері