Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ұлы дала

Бұл бетте «Ұлы дала» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 5852
Ұлы дала – ұлылардың даласы,
Өмір сүрген даналардың данасы.
Ағайынды алты Алаштың баласы –
Алтай менен Атыраудың арасы.
Төлебидей билік айтқан дана би,
Құрманғазы, Тоқа... тартқан дара күй.
Бұл даладан бастау алған Бейбарыс,
Баласағұн, Дулати мен Фараби.
Ұлы дала, қасиетіңнен айналдық,
Ұланың боп қазығыңа байландық.
Өсіп-өніп Бәйдібектей бабадан,
Үйсін деген ұлы елге айналдық.
Бәйдібекті ел бәйтерекке балаған,
Марау, Зеріп, Нұриладай анадан:
Сарыүйсін, Шапырашты, Ошақты,
Ысты, Албан, Суан, Дулат тараған.
Ұлы дала – ұлан елдің бесігі,
Жетіп жатыр Алла берген несібі.
«ҰЛЫ ДАЛА» – ортақ отау бәріне,
Төрі дайын, ашық дәйім есігі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы дала өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ұлы дала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы дала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ұлы дала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері