Ақшманға арнау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Арайлап, шұғылалы атар таңым
Халқыңмен ашылар сенің бағың
Әр қилы замандарға куә болған
Берекелі өңірім – Ақшиманым

Футбол ойнап, шаң көтеріп, теуіп доп
Балалықта қалып қалған қызық көп.
Түлектері сәлем беріп кететін
Мектебім тұр ауылымның сәні боп.

Ауылыма жол салынды жаңарып
Бұлақтың басы тау тасымен қаланып
Жақсылыққа үндегендей ел – жұртты
Қайса атамның мазары тұр ағарып.

Таныс саған әр тасы мен кірпіші
Әкелердің жасап кеткен көп ісі
Қош келдің деп кіре берістен қарсы алар
Бренд болған қойы менен жылқысы.

Арғымағы бәйге бермей шабатын
Балуандары белдескенді жығатын
Бал татыған тіл үйірер дәмі бар
Водокачка су тәтті болатын.

Бүлдіргенде теретінбіз тау жақта
Шомылуға баратынбыз бұлаққа
Ауасы мен табиғаты өзгермес
Кетсек дағы біздер тарап әр жаққа.

Елім десе асын қойып тік тұрар
Қарсы келген дұшпаныңды ықтырар
Бірін – бір қолдап, демеп жүретін
Азаматтар бәрі кілең мықтылар.

Ер – жігіттер бүгінгі күн топта жүр
Көкпаршылар өз алдына өлең – жыр
Тауда өскен өрендерім шымыр деп
Заңғар тауым Қалмаққырған қарап тұр.

Алыстарға естіледі ел әні
Жерлестермен өмірімнің кірер сәні
Сырт жүрсекте әнімізге қосамыз
Ақшиманмен әңгімемнің кірер мәні.

Ақшиманнан артық маған жер бар ма?.
Ақшиманнан ыстық маған ел бар ма?.
Көргенімде көңілімді толқытар
Бұдан артық алтын өлке табам ба ??


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақшманға арнау өлеңінің авторы кім?

Аян Төлебаев — осы өлеңнің авторы.

Ақшманға арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ақшманға арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Аян Төлебаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақшманға арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері