Машина бауырындағы ұя

Бұл бетте «Машина бауырындағы ұя» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 700
Көктем. Көктем.
Жалт-жұлт еткен нұр қандай?!
Нұрды бiреу шашып алып тұрғандай...
...Ұя сапты қалған ашық гаражда
машинаның буырына бiр торғай.
Дауа бар ма –
тiршiлiктiң iсiне?!
Дауа бар ма –
табиғаттың күшiне?! –
үш балапан шыға келдi үрпиiп
ұядағы үш жұмыртқа iшiнен.
Көз алдымда ұлы ғасыр күркiрi,
Көз алдымда –
тiршiлiктiң шыр-пыры.
Қайдан бiлсiн,
Қайдан бiлсiн сол торғай
машинаның қозғаларын бiр күнi.
Бұл уақыт бiр ұяға қарай ма.
Машинаға жүру керек қалай да!
...Шофер жiгiт, машинаңда ұя бар,
абайла ендi, абайла!
Елеместен жолдың аппақ, шаңын да
безiлдейдi түскен-сыңды жалынға –
үш балапан машинаның төсiнде,
ана торғай машинаның соңында.
Көрiп соны жас тұнады көзiңде,
үзiлiп-ақ кетер ме екен төзiм де.
Жаны қалмай машинаның соңында
бара жатыр ана торғай безiлдеп.
Көмейiңе тас тығылып, тұншығып,
кетесiң ғой мың бүгiлiп,
мың сынып, –
шыр-шыр етiп,
шыр-шыр етiп барады
машинаның бауырында тiршiлiк!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Машина бауырындағы ұя өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Машина бауырындағы ұя өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Машина бауырындағы ұя өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Машина бауырындағы ұя өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері