Атам айтқан

Бұл бетте «Атам айтқан» атты Қуандық Шолақов жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6118
Сыныптасқа сыйы кеткен,
Тым мақтаншақ Алмабек.
Атам маған үйреткен,
«Кеппе, қуыс болма» деп.

Сыныптасқа сыйы кеткен,
Өтірікші Алмабек.
Атам маған үйреткен,
«Бәтуасыз болма» деп.

Риза еткен құлқы елді,
Кішіпейіл Илабек.
Атам айтқан: «Үлкенді
Сол секілді сыйла» деп.

Атам: «Нағыз азамат
Жіпті де алмас көлденең.
Арлы, ұятты таза нақ
Илабектей бол» деген.

Көрер әлі-ақ көздерің,
Айтамын нық шешіммен.
Атам айтқан сөздерін
Шығармаймын есімнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атам айтқан өлеңінің авторы кім?

Қуандық Шолақов — осы өлеңнің авторы.

Атам айтқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атам айтқан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Атам айтқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері