Орман – Ермек Өтетілеуов

Бұл бетте «Орман» атты Ермек Өтетілеуов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Орман – қырдың, ойдың да
Әсем бағы, Жер көркі.
Жыл он екі ай бойында
Жайнап тұрар біркелкі.

Қыста да әсем орманда –
Соғар боран, бұрқасын
Ақ мамыққа орарда
Әрбір бұтақ, бұтасын.

Орман әсем көктемде –
Жайнап жасыл желектер,
Гүлдер шағы жеткенде
Ұшқат, мойыл, жидектер.

Орман әсем жазда да –
Маужырап бір балқиды,
Ауада ыстық, таза да
Шайыр иісі аңқиды.

Орман әсем күзде ерек –
Жерге алтындай жарқырап,
Бұтағынан көк терек
Төгіледі жапырақ.

Қып-қызыл боп бүргеннің
Жемісі әбден піседі,
Күзгі орманда жүргеннің
Ынтығы арта түседі.

Орман – қырдың, ойдың да
Әсем бағы, Жер көркі.
Жыл он екі ай бойында
Жайнап тұрар біркелкі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орман өлеңінің авторы кім?

Ермек Өтетілеуов — осы өлеңнің авторы.

Орман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орман өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Орман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері