Жақсы күн – Болат Үсенбаев

Бұл бетте «Жақсы күн» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Маңдайымнан сүйді әжем,
Күндей жайнап, тұр күлімдеп:
«Тойлап жатыр күллі әлем,
Мерекеңмен, құлдығым!» – деп.

Бала біткен шат-шадыман,
Күлкі көмген саябақты.
Тау суындай ақтарылам,
Көңілім шалқып бара жатты.

Айналамда қызық толған,
Тегін сауық, тегін көлік.
Көше, бақта құрып сайран,
Қайттым үйге көңілденіп.

Әлпештеген ұлы Отаным
Қорғап мені түлетеді.
Бақытты боп бала шағым,
Қадамыма гүл өседі.

Жолықты арман түсімдегі,
Ұштым көкке самғап бүгін.
Он екі айдың ішіндегі
Балалар күні – ең жақсы күн!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері