Ақсу – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Ақсу» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.05.2019
  • 0
  • 1
  • 2624
Не деген сансыз дария
Ағысы атан үркітер!
Таулардың іші бәрі ұя,
Шаңқылдап жүрген бүркіттер.
Кездесті Ақсу көлденең,
Толқыны зілді батпандай,
Өңшең бір асау көк дөнен
Шайнасып шарт-шұрт жатқандай.
Мөңкіген жерде тұяқтан
Зуылдап оттар ұшқандай.
Қарасаң тұрып бұ жақтан
Өзен бір жалын құсқандай.
Ойладым сонда: Ілияс
Ақсуды өскен, мекендеп,
Қайран да ақын өртке ұқсас
Өзіне-ақ тартқан екен деп!


Пікірлер (1)

КЕНЖЕХАН БОЛСЫН жаным ✌✌

ағылшын ақыны Уильям Блейк

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақсу өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ақсу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақсу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақсу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері