Қарлығаш ұясы – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қарлығаш ұясы» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2152
Осылай деп атаған
Шың үстінде тұр сарай.
Сонда нұрын сақтаған
Таңнан тұңғыш туса арай.
Оның жиһаз, жасауы
Ақ жібегі аспанның.
Табиғаттың асауы —
Сөзін ұқпас басқаның.
Шыңға қалай шықты екен,
Шырқап барған шебер кім?
Кім де болса мықты екен
Сол баласы өнердің!
Нажағай да, түн келсе
Жарық қылар сол үйді,
Топ-топ жұлдыз үйге енсе,
Ай есігін қориды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарлығаш ұясы өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қарлығаш ұясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарлығаш ұясы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарлығаш ұясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері