Балқадиша – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Балқадиша» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1631
Қазақстан Магниткасының құрылысшысы Балқадиша Шалқароваға

Балқадиша, бал еркесі Нұраның,
Сен әсемсің — сен де сұлу бір ағын.
Сенің көзің жағар болса шырағын,
Іздемеймін мен киіктің лағын.
Балқадиша, биігіңнен түс төмен,
Сені мақтап аққу демен, құс демен.
Сен адамсың адам ісін істеген,
Балқадиша, биігіңнен түс төмен.
Мақтамаймын, мақтап жатса, иланам,
Сен болыпсың еңбегіңмен сыйлы адам,
Саған арнап жаза қалса жырды ағаң,
Балқадиша, есіміңді қимаған!
Баспалдағың бұлтқа дейін өрлеген,
Тұрсың алыс, тұрсың биік сен менен,
Естілмейді дауысың да «кел» деген,
Биік құмар болдың мұнша сен неден!
Балқадиша, мейлі әйтпесе, ұша бер,
Арманыңды, аспаныңды құша бер,
Өзі-ақ сені жерге бастап әкелер
Бір қайсардың махаббаты қуса егер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балқадиша өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Балқадиша өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балқадиша өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балқадиша өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері