Жақсы өлең – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жақсы өлең» атты Ғафу Қайырбеков жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1616
— Қалайын бір тыныстап,
Жазшы, құрбым, жақсы өлең!
— Тұрсың қызыл гүлге ұқсап,
Жыр асып па нақ сенен?!
— Оның жігіт әзіл де,
Нәрсіз гүл де құлпырмас!
Жақсы жырды әзірле,
Жан шөлдесе, сусын бас!
— Жақсы, құрбым, мен жазам,
Тақырыбын айтшы бір!!
— Тақырыбы — жас адам,
Тақырыбы — осы өмір.
Шабыт жиып, әл жиып,
Жаздым өлең, ғажап бұл!
Өлеңімнен жымиып,
Қыздың өзі қарап тұр.
* * *
Кешір, маған, жас сұлу,
Кешір жастық өмірде.
Шын жүрекпен сөйлесу,
Әзіл емес ол мүлде.
Кешір, бәлкім, ол сөзді
Келістіріп айтпауым.
Үміт шын - ақ қол созды,
Тек ретін таппадым.
Кешір, жарқын жүзбенен
Не қалса да есінде.
Бірақ сені өзгеден
Қызғанышымды кешірме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсы өлең өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жақсы өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсы өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жақсы өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері