Қазақтың мал-дәрігерлік институты – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қазақтың мал-дәрігерлік институты» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1551
Сенде менің сан құрдасым оқыған,
Талай інім, қарындасым оқыған —
Сенің қазір жалыныңды көремін
Бүкіл қазақ ауылдастың отынан.
Жаңа маман жан-жағыма қарасам,
Бәрі туыс, жаңа тұрмыс, жаңа сән.
Ауыл менен азаматтықты қосуға
Сенің еткен еңбегің бар орасан!
Сенің төрт жыл қысың менен жазың бар,
Құлағында жаңғырыққан сазың бар,
Жүрегінде «ұстаз» деген сөзің бар,
Кеудесінде «зоовет» деген жазу бар.
Сенің орның, сенің бейнең тым ыстық,
Жатыр сенде ажырамас туыстық,
Жатыр сенде ескірмейтін бір дәстүр —
Ол кісілік, ол адамдық, дұрыстық.
Қадір білу, сыйластық, пен жомарттық,
Жақсы көру, жан аяспау, қол артып —
Қасиет те қалмас еді біздерде
Алсаң оны оп-оңай-ақ жоғалтып.
Сол дәстүрді созады деп сенем мен,
Сол баяғы аброймен, беделмен,
Азаматтардың бүтін тұрған жері — деп
Саған келсем, зор сезіммен келем мен.
Сәтті күні әрбір апта, әр айдың
Көшесімен жүре қалсам Абайдың
Қақпасына осынау бір сары үйдің
Жақсы үмітпен жалтақ-жалтақ қараймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың мал-дәрігерлік институты өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың мал-дәрігерлік институты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың мал-дәрігерлік институты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың мал-дәрігерлік институты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері