Демалыс сағатында – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Демалыс сағатында» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1902
Демалыс сағатында –
Еркіндеп қаласың да.
Боласың ойнап-күліп,
Қанатты қағатын да.
Сабақтан босағасын,
Жүгіріп жоса аласың.
Бірақ та, біржолата
Мойының босамасын.
Көңілді суытпағын,
Жалқаулық жуытпағын.
Ертең де сабақ бар ғой,
Балақай, ұмытпағын.
Кітапты құнттағын,
Сөздерін сұрыптағын.
Мектепке оралғанда,
Бәрін де біліп барғын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері