Ғабит Мүсірепов – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Ғабит Мүсірепов» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 15960
Қуаныш жан толқытпай жай шыға ма,
Жұлдыз бар мақташыда, қойшыда да,
Ойпыр-ай, сен алғаның бақыт болды-ау
Қазақтың қадірлі ұлы, ойшыл аға!
«Шүйінші, шүйінші! — деп тоқталмай-ақ
Сол күні жүгірумен көп талды аяқ.
Мен-дағы омырауьмды сипай берем
Жап-жаңа өзіме әкеп таққандай-ақ!
Халықтың сонда көрдім бір тасқанын,
Көңілдің аршып алды жұрт аспанын.
Ішінен көп жұлдыздың көзі талып,
Сағынып бір жұлдызды көп тосқанын.
Тағылар талай жұлдыз өнер етсе,
Болмайық отты қуған көбелекше!
Қазақтың талантының тарихында
Бауырлар, бұл жұлдыздың жөні ерекше!
Зор еңбек, ақ махаббат елге деген,
(Ел үшін еңіреп тумас ер ме деген)
Адамдық, азаматтық, кісіліктің
Жолында жанын қимас мен бе деген!
Бір ағаң шықты туы биік ойнап,
Кеудеде қанағаттың күйі қайнап,
Жүректе рахмет оты жанып, лаулап —
Өзіндей әділеттің жұлдыз жайнап.
Тұр әне жарасымы, орны бөлек,
Жөнім бар бір кемісім толды-ау демек.
Еліңді сүю үшін жүрек керек,
Жұлдызды тағу үшін омырау керек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғабит Мүсірепов өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ғабит Мүсірепов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғабит Мүсірепов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғабит Мүсірепов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері