Мазасыз - ..., мазасыз - – Бимырзаева Әсел Маханбетқызы

Бұл бетте «Мазасыз - ..., мазасыз -» атты Бимырзаева Әсел Маханбетқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ей, мазасыз, мені қажытпашы,
Жаман ойдың түймелерін ағытпашы.
Қарияға дуалы бата сыйлап,
Жас өренді адал жолға бағытташы.

- Пәлі, «мазасыз»деген не нәрсе?
Деп қайратым жүрегімнен сұрапты.
«Мазасыз»деген біріншіден- жастық шақ
Ақылсызды оңдырмай ойға құлатты.

Сол ақылсыз жақсылыққа құнықпады,
«Мазасыз» сондайларды құрықтады.
Шырмалған шырғалаңға кіріп кетті,
Арпалыстан едәуір құрып әлі.

- Япыр-ау, көмектесер ешкім жок па?!
Деп қайратым тағы да таңданады.
- Несіне таңданасың ол пенде ғой,
Жасы келсе егделікке қамданады.

Мейлі гой жастығың зуылдайды,
Сонда да мазасыз ой туындайды.
Есіктен сығалаған қарттығыңды
Босағадан «кет» десең де қуылмайды.

Кіріп келер мазасыз кәрілігің,
Ұмыт болар кешегіңнің бәрі бүгін.
Жүрегіңде иманың, ақ батаң жоқ,
Әйтеуір «ішің түтін,сыртың бүтін».

Тыңда, қайрат, сенің де орның бөлек.
Рухымызды көтересің желеп-жебеп.
Ақылдың да бұл жерде кінәсі жоқ,
Пендесіне жаны ашитын шыр көбелек.

Тек мұны Адамзатым байқамайды,
Бас ауыртып аз санасын шайқамайды.
Жүрегіне иман түйіп ұстамаса,
Нашар қылық қылмысын қайталайды.

Бар білерім ақылым жүрекпенен
Бір болмаса жалғанда бәрі бекер.
Бірімен шешіп, екіншісін тыңдамаса,
Аз ғұмырың сыйықсыз өтер-кетер!



Бимырзаева Әсел Маханбетқызы
Түркістан қаласы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мазасыз - ..., мазасыз - өлеңінің авторы кім?

Бимырзаева Әсел Маханбетқызы — осы өлеңнің авторы.

Мазасыз - ..., мазасыз - өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мазасыз - ..., мазасыз - өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бимырзаева Әсел Маханбетқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мазасыз - ..., мазасыз - өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері