Түн маңында – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Түн маңында» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түн маңында,
көше жақта қар жаууда,
олар аппақ, олар таза арманымдай,
ыстық тағы сәбиімнің тынысындай,
мамық және бармағындай, уысындай,
күлкісіндей шуақ шашад балаң қар да,
ұйқысындай жауып жатыр алаңдамай...
сүйем қардың әрбір ұлпа, түйіршігін,
сезем сонда туғанымды сүю үшін,
армандау мен арпалысу үшін және,
мендік лүпіл қанат болып түсуде, әне!
Қар жаууда...
қардай аппақ болу үшін,
тұру үшін арманымның таңын құшып,
нәрестемнің саусағына тию үшін
жұлдыздардың қауырсыны,
Кейінгісі –
кітаптардың парағында сүру үшін,
жанарларға шағылысып қарау үшін,
түңілместен,
күллі әлемге бақ боп жауам,
Сене көрші, аппақ арман!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн маңында өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Түн маңында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн маңында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн маңында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері