Адамдар кейде жаман түс көреді

Бұл бетте «Адамдар кейде жаман түс көреді» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1133
Адамдар кейде жаман түс көреді,
Дөңбекшіп ұйықтап жатып, тістенеді.
Қалғандай киіміне күйе жұғып,
Түсінен оянған соң сескенеді.

Адамдар кейде жақсы түс көреді,
Алтын тақ, баянды бақ түске енеді.
Қазына жиналғандай қамбасына,
Бармайды байыбына ештеңенің.
Мәз болып шыға қалса тау басына,
Сенеді болмаса да еш дерегі.

Түсіңнің белгілі ме сыры саған?
Күйзелсең, басу айтып, болыса алам.
Ойлама жаманатты, абыржыма,
Шығады, неден қорықсаң, жаның содан.
Сақтайтын кесапаттан сабыр ғана,
Түсін тек жақсылыққа жорыса адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамдар кейде жаман түс көреді өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Адамдар кейде жаман түс көреді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамдар кейде жаман түс көреді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адамдар кейде жаман түс көреді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері