Талап – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Талап» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2869
Жеткіншекті жетелейді талабы,
Талаптанса, біраз жерге барады.
Белгілейді мақсатының межесін,
Сәтті басқан ең алғашқы қадамы.
Ақ қағаздай қалам ізі түспеген,
Албырт жаннан күтпе бірден іс терең.
Лапылдайды жас жүректің жалыны,
Атқарады бар жұмысты күшпенен.
«Білекті адам бірді ғана жығады...»
Бәзбіреудің көңілі соған тынады.
Білімдіге қай кезде де өріс кең,
Сүріндірмес оны өмірдің сынағы.
Айналаға көз жіберіп қарасаң,
«Биік» болып кеткен өңшең аласаң.
Жалған ойды малданып жүр кей жастар,
Бұл жағынан олқылық көп орасан.
Мансұқ етіп өмірі ұзақ өнерді,
Қай заманда, айтшы, кімдер көгерді.
«Талапты ерге нұр жауады» деген сөз,
Дей алмаймын осы күні көнерді!
Біреулер бар шылауыңа жармасар,
Сөйтіп жүріп, келер күнге жалғасар.
Текті деген епті бола алмайды,
Иілгенмен, бүгілуге бармас ар!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талап өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Талап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері