Бұл бетте «Ойнаңдар» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойнаңдар, балғын бөбектер,
Бiз ойнап өскен бақшада;
Бақытқа ұя біздің жер,
Дұшпаным күндеп бақса да.
Ойынға толсын өзеннің
Жағасы, мөлдір толқыны;
(Ойынсыз, үнсіз әжеңнің
Өткен ғой бip кез ол күні).
Қаңтарда шаңғы үстінде
Нәзіктеу даусын сыңғырап,
Тауларда, орман iшінде
Ойнасаң, тоңба сен бірақ.
Сендердей бейне жас жалын —
Алау да дайым маздасын,
Көpciн де совет жас жанын
Жүрегі жаудың мұздасын.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі