Тағдырлас досыма – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Тағдырлас досыма» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2665
Қызықты ойындардан қалыс қалып,
Бағынан балалықтың алыстадың.
Білдіртпей есейтетін өзіңе де,
Көп пе, аз ба біршама жол жүріліпті,
Батып күн, талай таңдар түріліпті.
Ырзамын тағдырға бұл десем дағы,
Көңілдің бірі хош та, бірі күпті.
Деме сен уайымшыл боп кеткенің не?
(Түспейді қайғы бұлты бетке мүлде).
Күйбеңмен күнделікті жүріп біздер,
Сезбеппіз егделіктің жеткенін де!..
Сәт сайын аман-саулық сұрап тұрған
Жерде емес, жүрсің ғой сен жырақ қырда.
Арманшыл жүрегіме жыр ұйытып,
Мен болсам даланы осы тұрақ қылғам.
Соңымнан жүресің сен іздеп келіп,
Шын достар бір-бірі үшін үзбек демін.
Бір шығып құмарымнан қалам мен де,
Балғын шақ көз алдымда тізбектеліп.
Несіне тоқталайын айтпай бәрін:
Жетімдік маңдайға бұл жастай «дарып».
Екі үйдің төрінде де екі орын бос,
Әкеміз қан майданнан қайтпай қалып.
Арылып бұлттарынан тұнжыр аспан,
Өтті күн, дауыл жұлқып түндік ашқан.
Үстіне жұмыр жердің тік бастъқ қой,
Өткеріп қиын-қыстау күнді бастан.
Суалмай тұрса бойда тамыр-ағын,
Тек достық менің әр кез табынарым,
Тік ұстап ар туындай жүрейікші,
Еңкейтпей осы екі үйдің шаңырағын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдырлас досыма өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Тағдырлас досыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдырлас досыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдырлас досыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері