Суықты сүйетінім несі екен – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Суықты сүйетінім несі екен» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Суықты сүйетінім несі екен
Жылытқым келгенінен болар.
Үп еткен лепке жапырақ тоңғақ
үсіпті күз қабығында қанап.
Жауын. Қолшатырлар. Жаяужол.
Жаңбырлар өтіп барып плащымнан
Ішіме тамып кететіні несі
Тәп-тәтті һам ащылау?
Ару қолшатырына қорғанды,
керек жоқ оған жауын...
жүрісі –
жаңбыр ғой, тұрысы да.
Таранған
шашынагүл қадағанжансыздау...
Астында қолшатырдың жауын-қыз,
жауыңыз дала асып, тау асып...
адымың – моншақ-моншақ тамшылар
мөлт етіп баяу басып барасың...
Қараша қарғалары таниды
досындай мен бейбақты...
неге ме?
Өйткені, менен ұшқан;
қарғалар –
қарқ еткен қарашығым, керегем,
бәтіңкем,
түнге жұтылған бөлмем...
Жаңбырдың жол кірлетті балағын...
Қолшатырыңнан сырғып бара жатқан
Қараша қарашығы ғанамын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Суықты сүйетінім несі екен өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Суықты сүйетінім несі екен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Суықты сүйетінім несі екен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Суықты сүйетінім несі екен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері