Не үшін өмір сүріп жатқанымды – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Не үшін өмір сүріп жатқанымды» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Не үшін өмір сүріп жатқанымды
білер ме атқан таңым, батқан күнім...
«Аһ» деп мен күрсінуге бола туғам
жолыңда жүру үшін Хақ Тәңірім...

Кеудемде сыбдырлайды жапырақтар,
Айналып алақаным топыраққа,
Гүл өсіп,
бұлбұл қонса,
келіп тұрғын
жанымда жайқала өскен ғаріп баққа...

Мен енді ешпін, жоқпын, ештеңемін,
Жалғыз бар –
Сен ғанасың өшпегенім...
Өртеніп,
жанып,
күлге айналамын,
сүріп ап аз ғана жыл, кішкене күн...

Мен Сенмін... Сен боп қайта жаңғырамын,
Көңілім есігін қақ жаңбыр-жауын...
Ай да енді, білте шамым түн баласы,
Күн де енді, аспашамым таңға жақын...

Өлдім мен, өліп келдім Саған Жарым,
Аралап аспан бауын, ғалам бағын...
Бәрінен қашып келдім;
Тән мен жаннан,
Пәниден,
тұтқын едім қамаудағы...

Мән берген жалғандағы –
күресім,
махаббатым,
армандарым,
тынысым,
бәрі-бәрі тек Сен үшін...
түк те жоқ қалған тағы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не үшін өмір сүріп жатқанымды өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Не үшін өмір сүріп жатқанымды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не үшін өмір сүріп жатқанымды өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Не үшін өмір сүріп жатқанымды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері