Ізде өзің қуаныш маңайыңнан

Бұл бетте «Ізде өзің қуаныш маңайыңнан» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1142
Әрекетсiз омалып отырады,
Айтатыны баяғы қотыр әнi.
“Ғұрпым азды, қуаныш құрыды” деп
Тұйық суда сасиды, тотығады.
Өз жерiнде өз елiң мекенденген,
Әдет-ғұрпың қалайша шетелденген?
Көзiнде шел, көрмейсiң маңайыңның
Толып жатқан қуаныш екендiгiн.
Пiштiрме мен тыштырма, кiндiк кесу,
Ұрын барған ақ таңда – “түндiк тесу”…
Ұмыттық қой ит көйлек қашыруды,
Етек алды “ұлт өнер - сұмдық” десу.
Өзiң iзде қуаныш маңайыңнан,
Орын тап та көңiлдiң сарайынан.
Сонда ғана бақыт құс шаңырақта,
Арылмайды ауылың арайынан…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ізде өзің қуаныш маңайыңнан өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Ізде өзің қуаныш маңайыңнан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ізде өзің қуаныш маңайыңнан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ізде өзің қуаныш маңайыңнан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері