Желкенді қайық

Бұл бетте «Желкенді қайық» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1351
Кішкентай ғана шарана,
Жүректей ерні бүлкілдеп.
Табиғат салған жара ма,
"Жан құйған еңбек" үлпілдек.
Әлемді байтақ көзге ілмей,
Қарайды ана қас қақпай.
Қызғанар жанға сездірмей,
Мақтанар және асқақтай.
Базарлы енді, үй қызық,
Мәндірек сезер заманын —
Жер шарын түгел сыйғызып,
Құшағы құйттай ананың!
Көкжиек — сонау, арманы,
Желкені — мынау, нәресте.
Болса да қауіп бар маңы,
Бақыты қола емес пе?
Ал өмір — теңіз толқыны,
Желкенсіз қалай жетерсіз!
Қинама жанды, делқұлы,
Ескекпен шаршап бекер, сіз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Желкенді қайық өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Желкенді қайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Желкенді қайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Желкенді қайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері