Гуцлада – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Гуцлада» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 598
Қылқанды ағаш құрамы жасыл орман
Жайқалып тұр еккендей адам қолдан.
Жұтсаң, жұпар ауасы дертке шипа
Кеше соғыс кезінде болды қорған.
Кербез өзен, күлегеш мөлдір бұлақ,
Сықылықтап, сылдырап таудан құлап..
Сарқырама кей тұста кездеседі,
Гуцулдардың сазды бір әнін құрап.
Гуцулщина дейді екен бұл өңірді,
Соғыстан із қозғайды жүрегіңді.
Партизандар соқпағы Карпатты ерлей
Жалғап асып барады мына өмірді.
Ұжмақ жерді осындай көзім көріп,
Алсам-ау деп шіркін-ай өлеңге өріп...
Яремчада «Партизан даңқы» есімді
Мұражай тұр соғысты сөйлеп беріп.
Отан! — деген от сезімді етіп пайым,
Мұражайдан тыңдайсың соғыс жәйін.
Ковпак, Руднев, Довбуштың атынан-ақ
Қалтырапты фашистер қамыстайын.
Көркі ғажап көз тартқан мынау аймақ,
Тамашасы таусылмас жүрсең айлап.
Коцюбинский, Франко, Украинка
Іздері де ой тастап жатыр сайрап.
Адам әсте тоя ма ізгі арманға,
Армандауды мансұқтап бұзған ар ма!
Әттең дүние әйгілеп, атынды айтып,
Өміріңнен не жетсін із қалғанға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гуцлада өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Гуцлада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гуцлада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гуцлада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар