Әйелдер – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Әйелдер» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Ұмытқаным жоқ бірін, бәрі есімде.
Ертесін де, отты жылдар кешін де.
Көкіректі жауға деген кек кернеп,
Жылжытысқан ілгері ел көшін де.
Серттестік біз, жауды жеңбей есімде,
Тындырмай іс тыным ап, бел шешінбе,
Қол ойылып, аяқ сыздап, бел ұйып
Тұрса шыдау... деген келдік шешімге.
Жеріміз жоқ бұл уәдеден аттаған,
Болса дағы бұғанамыз қатпаған.
Тәсіл тауып сан өткердік қиынды,
Қайсыбірде еркек қолы батпаған.
Ұмытқаным жоқ бірін: бәрі есімде,
Ертесін де, отты жылдар кешін де.
Сол қиындар жарқырайды бүгінде
Ақ самайлы құрбылардың төсінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйелдер өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Әйелдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйелдер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әйелдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері