Тышқандарды аулаушы

Бұл бетте «Тышқандарды аулаушы» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 537
Күнделікті өмірде, сендер сүйер – әншімін,
Мен тышқандарды аулаушымын,
Көп жерлерде белгілі,
Бұл шаһарда да менің өнерім өте қажетті.
Тышқандар бұл жерде де –
О құдайым, жетіп артар,
Ия, тышқандардың да бар небірі, –
Егер де мен ән салып, шырқай қалсам,
Сендер оның ешбірін де көрмейсіңдер,
Демде көзден ғайып жоқ болады.
Атақты әншімін,
Сонымен мен балаларды лезде көндіріп, жұбатамын.
Айқай-шу арасында өлең айта қалсам егер,
Жылап тұрған балалар,
Жылағанын демде тия қояр!
Небір бұзық, тентек балалар да,
Небір қиқар, кесір қызшалар да –
Қолымды алға сілтеп созсам болды,
Бәрі де жүгіре ерер соңымнан.
Құрметті, белгілі әншімін,
Сонымен қоса әйелдерді аулаушымын.
Менің болмаған, менің ізім қалмаған,
Бір де қала да жоқ.
Мейлі ұялшақ кейбір қыздар,
Жас бойжеткендер, керім қыздар –
Махаббат туралы әнімді естігенде,
Бәрінің де жүректері от-шоқ болып лаулап жанар.

1802/1803


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тышқандарды аулаушы өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Тышқандарды аулаушы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тышқандарды аулаушы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тышқандарды аулаушы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері