Теңізге – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Теңізге» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1774
Дария қашып, біз қуып поезбенен
Талай-талай бел асып, сол ізбенен
Жетіп келсек, алдымыз аппақ жазық
Осы екен ғой керемет - теңіз деген!
Теңіз, теңіз, телегей! Сен де анама
Ұқсап, жылы қарадың мен балаңа!
Бір қабаты аспанның жерге түсіп,
Шөгіп қалған секілді кең далаға!
Арал, Арал - жүректі бір батырсың,
Жалпақ құрлық - жасқанбай сен жатырсың.
Жоқ боп кетем демейсің - зор көмейден,
Шөл көмейден сақтаған қандай тылсым?
Бір бақытты бағалап жүз үміттен,
Қиырыңа кім екен жүзіп өткен?
Сонау жалғыз қайыққа шалғайдағы
Бұл жағадан қараймын қызығып мен.
Арал, Арал - қаһарман балықшылар,
«Су тәңірісі - ол» деген анық шығар.
Сулы мұртын сүйейін сол бауырдың
Айдыныңа мені тез алып шығар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңізге өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Теңізге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теңізге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңізге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері