Жаз – Ақбота Бейбітбек

Бұл бетте «Жаз» атты Ақбота Бейбітбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • kmm
  • 05.12.2022
  • 0
  • 0
  • 1222
Маусым — ерке,
Шілде — қырсық,
Тамыз — тұйық,
Мендегі мінездің бұл– жиынтығы,
Тіл табысамыз, жоқ қой қиын түгi.

Жаз жасыруды білмейді,
асығуды білмейді,
басынуды білмейді,
Өтірік күлмейді.

Жаз– ыстық,
Ыстықты құштық.
Өзіме ұнайды осы бір Үштік.

Саған жақсы жаңалығым бар:
бүгін—жаз,
ертең—жаз,
бір айдан соң да–жаз.
Менің жазым—Сен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаз өлеңінің авторы кім?

Ақбота Бейбітбек — осы өлеңнің авторы.

Жаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері