Бөген қыздары – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Бөген қыздары» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1659
Мынау қара тереңнен
Алды ма екен әз көрік,
Қыздар туған Бөгеннен
Ылғи қара көз болып.
Қарай қалса қиын-ақ,
Көп сыр айтар тілдеспей,
Бар еркіңді жиып ап,
Енді қайтып берместей.
Солар ма екен жылытқан
Сақтап ыстық бар күшті,
Боран, дауыл, суықтан
Оралғанда балықшы.
Әйтеуір бір ғажайып
Жігіттері көңілді-ақ.
Жүрсе де ұзақ ау жайып,
Аптада бір дамылдап.
Ақ балықты алды олар
Иыққа асып, именбей,
Күн астында кіл сұлу
Күміс тасып жүргендей.
Қасында өтсе күн мен ай,
Қалмас көңіл ызғары,
Жақсы екенсің, дүние-ай,
Шіркін Бөген қыздары!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөген қыздары өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Бөген қыздары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөген қыздары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөген қыздары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері