Зейнепке – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Зейнепке» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2131
(Әзіл сөз)

Әһуалап, андатып ем Зейнеп масқа,
Құмай көз, оймақ ауыз, қиғаш қасқа.
Отырмын сұлу қызға сәлем жолдап,
Тезірек жеткіз, інім, сүмбіл шашқа.
Сәлем хат жанабыңа жаздым шырақ,
Бөһәз дүр пәһәм айлап салғын құлақ.
Жамал бар, әм кәмәл бар, әм парасат,
Жаратқан Хақ бейнеңді артығырақ.
Күлшақай інім едің заманың бір,
Берген Хақ парасат пен артықша нұр.
Сыпатың жәннаттегі һүр мысалдас,
Өзіңсің жәһандағы жайнаған гүл.
Бала едің орындағы ей, асыл зат,
Гауһарсың көз қызығар нарқы қымбат.
Құмай көз, оймақ ауыз, жазық маңдай,
Қыпша бел, алма мойын, артық сымбат.

1934.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зейнепке өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Зейнепке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зейнепке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зейнепке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері