Бұдан былай жалғыз – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бұдан былай жалғыз» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1371
(аударма)

Олар,
қара құс секілді, билейтін түндерде,
жандары пәк гүлден де.
Қызын, ұлын ажырата алмадым мен шашынан.
Әрқайсының арқасында винтовка бар асынған.
Қол ұстасып билейді олар, ән салып,
бостандық деп жар салып,
ән-ұшқынмен жалындады түнгі әлем,
жау көз ілді тәтті ұйқыға тамсанып.
Олар деген -
өмірдің жас маздағы,
көңілі асқақ, жаз жаны,
армандары - дауылды айдын теңізбенен ұласу,
тағдыр бірақ көбісіне көруді оны жазбады.
Әділетпен тірлік ету -
мәні осы өмірдің,
үлгісі олар шыншыл, адал көңілдің.
Мынау байтақ ғаламда
олар бауыр барлық адал адамға.
Оларда арман
мөлдір бейне сынаптай,
күш тасқыны шыдатпай
қол ұстасып ұмтылады олар алға - Жеңіске,
ақ айдынға талпынатын бұлақтай.

ПОЛЬ ЭЛЮАР


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұдан былай жалғыз өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Бұдан былай жалғыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұдан былай жалғыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұдан былай жалғыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері