Бұл бетте «Өнерден өнеді не өлім барда» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өнерден өнеді не өлім барда,
Үй түзеу ұнамайды көрің барда.
Қаңғуың, қойың бақпай — қолайсыз іс,
Аңдыған жан-жағыңнан бөрің барда.
Қысқа өмір қанша айтқанмен ұзамайды,
Түскенмен тоқсан түрлі форымдарға.
Нәтбесін нағып жүрсің, қайтар інім,
Опасыз ой жіберіп орындарға.
Алладан, асылында, ал сыйлауды,
Құрмасын құлшылықтың құрыңдар да.
Аңдыған жауларыңның желкесін қи,
Күтініп күні-түні тұрындар да.
Алып бақ азығын жан, алдынды ойлап,
Сағымға сұм дүниені жорыңдар да.
1900 ж
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі