Қанатын жайып қиялап ұшқан жас қиял – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қанатын жайып қиялап ұшқан жас қиял» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 676
Қанатын жайып қиялап ұшқан жас қиял,
О дағы бір аңсаған тоят аш қыран.
Қанталап көзі, тінтеді жерді биіктен,
Тінтеді жерді, тұманды бауыр астынан.
Топшысын оның бекіткен бастан жел жанып,
Аспанға шырқап, ауаны тілсе қақ жарып.
Мерт болып жолда кетсе де кері қайтпайды,
Тірлігін қайтсін, төмендегінің олжа ғып...
Кеудесін өртеп, сабырын сарқып асау қан,
Қаңғырар мәңгі мекенсіз жаққа басы ауған.
Аңсайды дауыл, дауылда туған қырандар,
О дағы бір тағдыры талас, жас арман.
Қиялдан ғана туғызып жаңа бастар күн,
Арнадан асқан толқынның бәрін жасқар кім?
Дауыс сап қыран, шамырқанып, шарқ ұрар
Қожасы құсап шыңдар мен биік асқардың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанатын жайып қиялап ұшқан жас қиял өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қанатын жайып қиялап ұшқан жас қиял өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанатын жайып қиялап ұшқан жас қиял өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанатын жайып қиялап ұшқан жас қиял өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері